Қауымдастықтың филиалын ашу

Түлектер қауымдастығының филиалдары арқылы сіздің басқа түлектермен достық және кәсіби байланысты дамыту және қолдау, Университетте өткізген жылдарыңызды еске алу, Alma-mater-мен және қазіргі студенттермен қарым-қатынасыңызды нығайтуға  мүмкіндігіңіз бар.

Филиалдар бекітілген нысанды толтырумен ерікті негізде құрылады.

Филиал мүшелері өңірде әр түрлі оқиғалар мен іс-шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады, басқа да түлектермен байланыс орнатады, жуырдағы түлектермен  байланысқа шығады, сондай-ақ Университеттің өңірлік іс-шараларына қатысады.