Түлектер қауымдастығы

Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаттары:

  • Университет түлектерінің мансабын жоғарылату арқылы Университеттің беделін арттыру;
  • Қауымдастық арқылы түлектер арасында шоғырлану және өзара іс-қимылды дамыту;
  • зияткерлік әлеуетті іске асыру, түлектердің Университетпен мәдени, шығармашылық және іскерлік байланыстарын қолдау;
  • Университет түлектері мен студенттерінің арасындағы тиімді коммуникацияға ықпал ететін кәсіптік қоғамдастықты құру, сондай-ақ олардың кәсіптік өсуіне ықпал ету;
  • Университеттің даму стратегиясына жататын оқу, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін түлектердің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалану;
  • Университеттің үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға жәрдемдесу;
  • Университеттің жетекші білім беру, зерттеу және ғылыми орталық ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қауымдастық пен Университеттің миссиясына жету мақсатында қайырымдылық және фандрайзинг қызметіне жәрдемдесу болып табылады.