Түлектері Қауымдастығы

Қауымдастықтың миссиясы – Университеттің дамуы мен Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін түлектердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін біріктіру.

Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаттары:

    • Университеттің мүддесін ілгерілету және Университет пен түлектердің дамуына үлес қосу;
    • Түлектер арасында өзара тиімді іс-қимыл орнату;
    • Университеттің түлектері мен қоғамдастығы арасында зияткерлік, мәдени, әлеуметтік және басқа да шығармашылық іс-қимылды ілгерілету;
    • Университет түлектері мен студенттерінің кәсіптік тұрғыда өсуіне ықпал ететін, сондай-ақ олардың кәсіптік дамуына жәрдемдесетін түлектер қоғамдастығын құру;
    • Университеттің даму стратегиясы аясында оқу, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін түлектердің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалану;
    • Университеттің үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға жәрдемдесу;
    • жетекші білім беру, зерттеу және ғылыми орталық ретінде Университеттің беделін ілгерілету және арттыру;
    • Қауымдастық пен Университеттің миссиясына жетуге бағытталған қаражат жинау мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.