Түлектердің тарихы

Отепов Султан
2018 жылы бітірген, Қазір Султан Токио технологиялық институтінда инженерия және материаловедение саласы бойынша философия докторы атағын алуда.

НУ дағы оқыған жылдар сізге не берді? Мықты ғылыми-техникалық фундамент. Достар таптым.

Кандай өмірлік сабақтар алдыңыз? Армандау еш қашан кеш емес.НУ бітіргеннен кейін мен ешқайда түсе алмадым. Тек бірнеше уақыттан кейін Токио Технологиялық Университетіне түстім.

Университет бітіргенен кейін қиыншылық болды ма? Оқуға да түсе алмай, жұмыс та таба алмаған күндерім болды

Бұл жерге сіз қалай келдіңіз? Университеттен кейін кіші ғылыми қызметкер болып істедім, бұл докторантура бағдарламасын игеруіме себеп болы.Жанұям көп көмек көрсетті.

Немен мақтанасыз? НУ бітіргеніме мақтанамын. Осы мемлекетте өмір сүріп жатқаныма мақтанамын..

Не нәрсе ынталандырады? Өзім тағдаған саланы дамытамын. Өзіңе өте ұнайтын жұмыспен шұғылдану үлкен қуаныш.

Жұмысыңыз өміріңізге кедергі емес пе? Докторант ретінде жұмыс кестем қолайлы. Жұмыстан кейін жанұяммен, достарыммен демаламын.

Басқа мамандақты таңда десе нені таңдар едіңіз? Мамандықтар көп қой. Мен доктор болып қалар едім.

10 жылдан кейін қайда боласыз? Академиялық бағытты жалғастырам. 10 жылдан кейін профессор болатын шығармын, менің басты мақсатым – Қазақстанда ғылыми зерттеулерді дамыту.

2019 жылға межелеген үш мақсатыңыз:

1 мақсат
2-3 зерттеу жұмысын басып шығару

2 мақсат
өзім болмаған 2-3 мемлекетте болу

3 мақсат
жаңа қызықты іс табу

Оқу барысындағы олқылықтыр, нені өзгерткіңіз келді?

Қоғамдық жұмыстарға жиы қатысуым керек еді..

НУ жылдарынан нені жия еске аласыз? Достарымды. Емтихан алдындағы ұйқысыз күндерді.

НУ бітірушілеріне не кеңес бересіз? Әр шешуші қадам алдында жақсылап демалып алыңыз!


Капышева Айжан
2016 жылы бітірген. Дубай қаласындағы бәсекелестік және статистика федералдық басқармасында аға аналитик қызметін атқарады.

НУ дағы оқыған жылдар сізге не берді?
Дағдылар,әдістер, нетворкинг негіздері, достық.

Кандай өмірлік сабақтар алдыңыз? Жұмысты аса тиянақтылық пен жасау, мақсатқа жету.
Университет бітіргенен кейін қиыншылық болды ма?
Өзім маманданатын нақты саланы іздеу

Бұл жерге сіз қалай келдіңіз? Бұл жерге маған келуге көмектескен аздап сәттілік және тәлімгеріммен ата-анамның үлкен колдауы.

Немен мақтанасыз? Мұршам келгенше қоғамға қызмет етемін.

Не нәрсе ынталандырады? Өмірімнің бақыты өз қолымда екенін білдіретін ой.

Жұмысыңыз өміріңізге кедергі емес пе? Мен үшін өте маңызды нәрселерге көп мән беремін – ол менің достарым, жанұям, хоббиім.

Басқа мамандақты таңда десе нені таңдар едіңіз? Пианист болғым келіп еді.

10 жылдан кейін қайда боласыз? Білмеймін. Өзім де сұрағым келеді – 10 жылдан кейін кім болғың келеді деп?

2019 жылға межелеген үш мақсатыңыз:

1 мақсат

Жұмыста үздік болу

2 мақсат

Жаңа елге саяхат жасау

3 мақсат

Пианино сатып алу

НУ жылдарынан нені жия еске аласыз? Достарыммен бірге 2015 жылы Астанада әйелдер баскетболы турнирінде жеңімпаз атануымыз.

НУ бітірушілеріне не кеңес бересіз?
GPA ға ғана мән бермей жаңа кәсіп ізде, көп ізденіс жаса, қызықты адамдармен кездес.


 

Ауельбекова Динара
2015 жылы бітірген, AmericanSpaceAlmaty директоры

НУ дағы оқыған жылдар сізге не берді?

Бәрі де мүмкін екенін білдім, тіптен 1,6 м боймен Астана қаласының ең мықты баскетбол командасының капитаны болуға болатынын.

Кандай өмірлік сабақтар алдыңыз? Төзімді болу. Жыламау

Университет бітіргенен кейін қиыншылық болды ма?
Өзіме керек нақты саланы таңдау.

Бұл жерге сіз қалай келдіңіз? Вакансиялар іздедім, резюме жібердім.

Немен мақтанасыз? Өзім құрастырған ауыл жастарына арналған қазақ тіліндегі IELTS APAI онлайн курс жобасымен мақтанамын.

Не нәрсе ынталандырады? Өз тұлғам, анам.

Жұмысыңыз өміріңізге кедергі емес пе? Жұмыс нәтижелі болуы ұшін оны дер кезінде тоқтату керек.Телефонға көп уақыт болммеген жөн.

Басқа мамандақты таңда десе нені таңдар едіңіз? Баскетболист.

10 жылдан кейін қайда боласыз? Құатты кәсіпкер, бақытты ана боламын.

2019 жылға межелеген үш мақсатыңыз:

1 Гарри Поттер паркіне саяхат

2 IELTS-ке 3000студент даярлау

Оқу барысында нені өзгерткіңіз келді? Жұмыс тәжірибесін беделде компанияларда емес,өзің таңдаған компанияда өткізу.

НУ жылдарынан нені жия еске аласыз? Баскетбол, IQ ойындары.

НУ бітірушілеріне не кеңес бересіз? 8 кеңесім бар. Оларды ВК НУ «Как нам там» беттерінен оқи аласыз.


Тажи Кульжан

Сәлем, менің атым Тажи Кульжан.
Мен айналмалы құралдар инженерімін (машина жасау саласы, NorthCaspianOperatingCompany) (Кашаған жобасы туралы естіген шығарсыздар), мен өз тәжірибеммен бөліспекпін. Бәлкім сендерге бір көмегі тиіп қалар. Мен университетті 2010 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітірдім, содықтан бұл әңгіме инженер көзімен айтылады.

Мен өз мамандығымды практика кезінде таптым. Бұл менімше, өте нәтижелі тәжірибе. Университетте оқыған жылдары 5 рет практика өттім

• Астанадағы Тулпар-Тальго заводының инженер бөлімінде.
Бұл практика маған Қазақстанда автомобиль саласы әлі де дамуы қажет екенін көрсетті, мен өзім үшін тағыда жұмыстар іздеп қалайда өсуімді көздедім;

• AgipKCO ,Сенімділік бөлімінде(Кашаган);
Бұл практика мені мұнай газ саласымен таныстырды.Халықаралық стандарттар, көпұлтты орта,қауіпсіздік, адамдармен қарым-қатынас жасау – осының бәрі жас маманға қажет екенін түсіндім. Мен өзімді осы салада байқап көрмекші болдым. «Болашак» технологиялық кешеннің көлемі мен күрделілігі тым зор екенін байқадым.

• Робототехника лабораториясындағы практика ( робототехника бойынша жобалар маған қашанда қызық болатын);
• «Шелл Казахстан Девелопмент» – СКД ( Кашаган жобасында бқлігі ұшін жауапты)
• AgipKCO статикалық машина жасау саласы.

AgipKCO-дағы екінші практика кәсіби бағыт таңдау мағынасында пайдалы болды. Себебі бұл жұмыстың техникалық сипаты мол және осы компанияда жұмыс істеуге бағытталған. Мен бір ай бойы аралда «Қысымдағы баллондардың сақталуы» атты жобамен жұмыс істедім. Бұл жоба көптеген мәселені шешіп тұр – жүзеге асыру мүмкүндігін, бағасын, қауыпсіздік аспектлерін, тағыда басқа әр түрлі ұсыныстарды, бағалауын және де нақты ұсыныстарды қарастырады.
Сөзсіз, бұл тәжірибе маған ұнады, жобаға бас инженер ретінде қатысқаныма әбден ризамын. Оқудан кейін осында жұмысқа шақырылдым.
Содан бері 2 жыл өтті. Әр түрлі мәселелерді шешу мен үшін жұмыстың ең қызықты жері. Шешілмей жатқан мәселені қызықты деп тұрғаным ерсі көрінер, бірақ инженер мамандығының ерекшелігі осы ма деймін. Қазіргі кезде мен теңіздік айналмалы құрылымдардың үйлестірушісімін. Қышқыл газбен толтырылатын әлемдегі ең жоғары қысымды копрессорларды қараймын, эксперт-серіктестермен байланыс орнатамын, іске қосу бойынша үлкен тәжірибе аламын, оффшорлы аралдарға барамын. Бір сөзбен айтқанда, кез келген жерде,кез келген уақытта табыламын. Аталмыш салада бұл жыйы кездеспейтін үлкен жоба.

Қазақстандағы халықаралық мұнайгаз компанияларында маған ұнайтын нәрсе көп – қауыпсіздіктің жоғары деңгейі, жұмыс мәдениеті, еңбек ақы, даму мүмкүншілігі.

• Қауыпсіздік басты назарда,мен мұны кен орнына келген сайын байқаймын. Бұл барлық халықаралық мұнайгаз компанияларына тән.Олай болмайынша копанияның нарықтағы беделі күрт түседі.
Қандай шешім қабылданса да, ол ең алдымен жұмысшылар жағдайына бейімделінеді.
• Жұмыс мәдениетіне келетін болсақ, ол тіптен қолайлы.Ұжымда жылы, достастық,ынталандыратындай атмосфера.Өндірістік сұрақтарға келгенде күрделі жағдай болуы мүмкін.Бірақ бұл компания ұшін қалыпты жағдай.
• Еңбек ақыға келетін болсақ, TCO, KPO және NCOC, компаниялары жақсы әлеуметтік көмек ұсынады ( спортзал ақысы, медициналық сақтандыру, бала бақшасы, оқушы құралдары т. б.) және жеткілікті еңбек ақы.
• Кәсіби тұрғыдан өсу. Бұл салада жүріп әлемдегі технологиялармен, қосымша білімдермен олардың қолданысымен танысуға болады. НУ да бұл жағы осал.Мұның бәрі кәсіби өсуге ұлкен көмек. Және де атап өтетін жай. Осы жұмыста жүріп адаммен тіл табысу, қарым-қатынас орнату, әр елдің өкілдерімен жұмыс жасау үлкен тәжірибе беретіні сөзсіз.

Жалпы сала туралы жаза отырып, халықаралық мұнайгаз комапияларымен ұлттық жергілікті компаниялар арсындағы айырмашылққа толқталмақпын, бұл мүлдем екі орта екенін білсем де, екіншісі жайлы толығырақ мағлұмат алғым келеді.

Кез келген мәселе әдетте екі жақты.

Менімше көңіл толмайтын нәрселер бар. ОЗТОС саласындағы үлкен қауыпті жағдайлар, кәсіптің дұрыс орналаспауы, саладағы тоқырау, ғылыммен жаңа технологиялардың жетіспеуі.
– Біріншіден,Қазақстагдаға мұнайгаз саласының жұмысы қауыпты жағдайлардан қорғалмаған. Қышқыл газ, жоғары қысым, жоғары температура, химикаттар және қышқылдар, жедел жанатын газдар – мұның бәрі компания жұмысын, атап айтқанда, денсаулық үшін, қоршаған орта үшін қауыпты қылады.
– Екіншіден, көптеген мұнайгаз компаниялары дұрыс орналаспаған.Сала Қазақстанның батысында орналасқан және де Ақтау, Атырау қалалары Алматы мен Астанадай өмірге қолайлы емес. Инфрақұрылым дамымаған, ауа райы қатаң, демалыс орындары тапшы т.б. Сондықтан өзіңізден сұраңыз – қолайлы мегаполисты тастап, ақшаны ғана көздеп мұндай жаққа бара алар ма едіңіз.
– Үшіншіден, қазіргі экономикалық дағдарыс мұнай саласының жұмысын шектеп, шығынды азайтуға мәжбір етуде. Қаржылай ынталандыру шектелді, тренингтер азайды, жаңа жобалар жоқтың қасы. Дегенмен компаниялар өз проблемаларын шешуде.
– Ең соңғысы,бұл сала өте ескі, көп ғылыми көзқарасты талап етпейді, инженерлік тұрғыдан бұл жағдай салаға күш тартуға кедергі етеді. . НУ студенттеріне бұл мәселе маңызды болуы керек, өйткені бізді техникалық мамандар емес инженерлер болуға үйретті. Дегенмен сала алға жылжуда,бұған негіз болып отырған тәжірибе және сенімді технологиялар. Сондықтан ғылым шекарасын мен кеңейтудемін деген ой сізде болмайды, өйткені өндіріс өте тұрақты. Заманауи технология көрмейсіз,себебі олар сыннан өтпеген. Мұнда қолданыста есеп емес, сандарт пен тәжірибе. Инженер-механиктер қосалқы бөлшектермен ұзақ жұмыс істейді. Жеткізушілер өз құралдарын құрастырады, біз жалпы қабылдаймыз дизайнына қараймыз, детальдарға мән бермейміз.Бұл көп жағдайда біліктілікті,білімді талап етеді
Сондықтан сіз жаңа жоба жасамақ болсаңыз өндіріске емес ғылымға, ғылыми қауымдастыққа жақын болуыңыз керек. Өндірістік тәжірибе әрине қажет.Бірақ үлкен көлемде мүлдем жаңа ғылыми еңбекпен шұғылданамын десеңіз ең абзалы өз білім әлеуетіңізді сапалы түрде көтеру. Сонда сіздің жолыңыз магистратура, докторантура.
Соңында өз іс-тәжірибемнен:

NU NCOC және TCO арналған жоғарғы потенциалды жергілікті қызметкерлердің құрылымы ретінде қаралады.
Кен орнындағы дабыл – бұл шын мәнінде қызықты оқиға. Сіз тыныс алу аппаратын киіп қауыпсыз аймаққа барасыз, сіз өте қауыпты, зиянды газ сізді қоршап тұрғанын білесіз. Аса жоғары кәсібилік тап осы жерде керек екенін де білесіз.
НУ студенттері мұнайгаз саласының білікті мамандары бола алатынына мен сенемін. Мен NCOC-ға келгенде барлық ақылды, ғұлама инженерлер осында екен деп ойладым. Мұндай болу үшін көп тәжірибе керек екенін тек қазір түсіндім.
Мен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, дұрыс таңдау жасаңыздар, жүрек қалауымен жүріңіздер. Менің кеңестерім қажет болып қалар.

Сіздерге көмектесуге бармын.(Tazhi.kulzhan@gmail.com)

Құрметпен,
Тажи.


Нурбек Тажимбетов

Сіз ойласыз – колледж бітірсем, жақсы балл алсам , шет елге барсам, ақшам болса, АҚШ қа көшсем мен бақытты болар едім деп. Қазір бақыттысыз ба?
Сонымен, Пало-Альтода тұрып жатырсыз. Бұл үлкен қаланың шеті (өмір сүру бұл жерде қымбат). Әрине сізде басқа да варианттар бар. Әлемнің қаншама университетіне түскіңіз келді. «Стэнфорд» университетінен хабар келгенде барлық мектепті тастадыңыз, өйткені: А) бұл Стэнфорд, Б) сіз элитарлыққа жақынсіз В)арманыңыз тап осы жерде орындалады.

Арманыңызды арқалап осында келдіңіз. Күн тамаша. Жұмақтың өзі! Бейімделу аптасы. Достар пайда болды –қытайлықтар, француздарт.б. Сізден біреу қытайша сұрап тұр. Ренжисіз. Сіз азиатсыз, тек орысша,қазақша сөйлейсіз. Оларда сізді түсінбейді.
Күндер өтіп жатыр, тоқсан басталды. Алгебрадан берілген үй тапсырмасы сізді таңқалдырды. Мен қайда қол қойғанмын деп ойладыңыз? Кетуіме бола ма? Жоқ. Бұл сенің арманың емес пе еді? Аспирант өмірі басталды. Ауа райы тамаша волейбол ойнап, велосипед тепкіңіз келеді. Бірақ бас көтертпейтін үй тапсырмасы бар. Колледжде алған біліміңіз аз. Бұл Стэнфорд, мұнда оқу ғажап деп ойлайсыз. Олай емес. Мұнда 1000 студент сізбен бір класста отыруы мүмкін.

Бірақ, жаман емес.Біраз достар таптыңыз. Оларда тура сіз сияқ ты қиналып жүр. Бірге тамақ ішесіздер, саясатты талқылайыздар. Бұл 2016 жыл, АҚШ. Күндер өтіп жатыр. Сіз мұнда математикамен шұғылдануға келдіңіз.

Квартал аяқталып қалды. Тура соғысқа тән қарбалас аяқталды –ұйықтау керек! Басқа қаладан іздеп келген достар да жайымен қалды. Бұл сенің өмірің емес сияқты сезімдесіз. Бірақ досатарың бар ғой. Еңсенің түсуіне көп себептер бар. Сіз оған ата-анаңызды кінәлайсыз, балалық шағыңызды, өзіңді, бағаларыңды. Бұрын биікте болатынсың. Қазір қиын.

Сіздің терапияңыз басталды. Жаңа дүниелерді жақсы көресіз. Терапия сізді Астанада кинодан көрген бай адамдарша сезіндіреді. Сіз когнитивті-әрекетті терапиямен танысасыз. Өзіңізбен болған үш жағдайды күнделікке жазып отрасыз.Бейтаныс адамға өзіңіз жайлы,ата-анаңыз, балалық шағыңыз жайлы әңгімелейсіз. Техникалық тұрғыдан,бұл доктор. Мұны әуелі құпияда ұстайсыз? Қолдаушыларыңыз бар. Бес сеанстан кейін өзіңізді жақсы сезінесіз. Сабақтар да сізге ұнай бастады. Қысқы семестрді жақсы аяқтағаныңызға өзіңіз де таңқаласыз.Көктемгі каникулда Колумбияға кеттіңіз,сізге Габриэль Гарсиа Маркестің романдары ұнайды. Саяхатқа бұдан бұлай жалғыз бармайтыныңызға сенімдісіз.
Көктемгі семестр квалификациалық емтиханға дайындықтан басталды.. Бұл маңызды емтихан. Оны тапсыра алмасаң Философия Докторы атаңы сен үшін жоқ. Дайындық аз екеніне қынжыласыз, ерте жатып қалатыныңызға ызаланасыз. Сонымен қатар жаздағы жұмысты ойлайсыз. Ата-анама барып солармен бірге болуым керек деп те ойлайсыз. Жасыңыз 23те! 23 жаста кім ата-анасымен отырады? Ешкім! Стэнфорд барлық проблемаңызды шеше ме? Жоқ. Менің тіршілігім осыған мысал.

6 тестың екеуін тапсыра алмадыңыз. Ол да жаман емес, қыркүйекте тапсырамын деп ойлайсыз. 9 айдың қорытындысы: депрессияға ұшырадыңыз, сәтсіздік болды,стажировканы өте алмадыңыз, емтиханды толық тапсыра алмадыңыз. Оқуды тастаймын деген ой келді.
Әбден қынжылғанда өзіңізбен ақылдасасыз. Құдай бар болса, сол сені қолдамай ма. Ол саған жазғы уақытқа жұмыс ұсынады, жақсы жобаны тапсырады. Бұл жобамен жұмыс жасап жақсы нәтиже көрсетесіз. Сіз білетініңізге сенімдісіз. Бұл тексеріс сізге керек болды.Сіз ойладыңыз ба осы жұмысты сызықты алгебрадан Гонконгте өткен үлкен конференцияда көрсетемін деп? Қыкүйекте сіз тағыда ұтыласыз. Бұл басқа әңгіме.

«Путеводитель по любви» туындысымен шабыттанған аспирант.


Алия Сембаева

Қиындығы да қызығы да мол Химия Әлеміне саяхат Назарбаев Университетінен басталды. Есіме бірден доктор Каррмен бірге алғашқы зерттеулерімді жүргізген синтетикалық лабароратория мен ЯМР бөлмесі түседі. Бұл ең үздік химия факультеті болатын. Профессор өте қатал және әділ болды.

Химияға деген құштарлығым мені Бирмингем Университетінің магистратурасына әкелді.

Мен органикалық химия зерттеулеріне қатысқым келді. «Тотальды синтез», жобасын өзім таңдадым. Жыл бойы магистратурада онкологиялық ауруға қарсы белсенділігі бар теңіздік табиғи өсім диоксетан синтезімен жұмыс істедім.

Зерттеу бағдарламамды мерзімінен бұрын аяұтадым. Үйге оралғанда мен өз өмірімді химиясыз және зерттеулерсіз елестете алмадым.

Қазір мен Ливерпуль Университетінде механохимия бойынша Докторлық диссертацияны қорғаудамын.Біздің зерттеулеріміз алуан саланы қамтиды – органикалық, физикалық, есептеу, полимерлік и механикалық химия. Бұл ғажап тәжірибе. Өз еріктігің бар, даму мүмкүншілігің бар! Мен барша адамзатқа көмектесе аламын деген ой бойлайды .

Осынау қызықты, кең жолды маған ашқан әрине Назарбаев Университеті. Сол НУ – дағы қатаң талап мені әбден ширатты, нәтижеге жеткізді.
Философия Докторының бағдарламасы зерттеулер және ғылым туралы ғана емес, ол әлеуметтік, зерттеушілік және тәлімгерлік салаларды қамтиды,
Қазір мен осы үш саланы да зерттеудемін. Біз АдильЖармуханбетов екеуміз Ұлыбританияда НУ бітірушілері үшін алғашқы шараларды ұйымдастырдық. Қазір мен осы жақта жылда өтетін зерттеу форумына қатысамын, бұл Қазақстаннан келген жас мамандарға керемет пайдалы болар еді. Қазір Казахстаннан келген студент докторанттарды жинап KazPh.D қауымдастығын құрдық. Оның жұмысы нәтижнлі болады деп сенмін.
Нағыз ғалым сәттілікке сеніп отыра бермеуі керек. Ол еңбекқор, талапты, ақылды креативті болуы керек. НУ дағы жылдар маған осының бәрін үйретті.Жұмысыңды жақсы көр. Адаммен тіл табыса біл.


 

Еркебулан Сапаров

Мен 23-темін, чепион болған Темір Майктен үлкенмін, McDonald’s-ты құрған Рэя Кроктан кішімін.Бірақ бұл маңызды емес.Маңызды нәрсе сенің кешеден бүгін сапалы өзгергенің, батылдылау, ақылдылау, тәртіптілеу болдың ба? Осал жерлеріңді білесің бе? Онда әліде өзіңді шират.
НУ бітіріп,көптеген компанияларды жұмыс тәжірибесін алғаннан кейін де мен қай саланы таңдарымды білмедім. Сол кезде менің досым Бейбарс жаңа жобамен жұмыс жасап жүрді:мектеп бітірушілерді НУ NUFYPET емтиханына дайындады. Осы жоба бізді көп қанаттандырды, жаңа тамаша идеяларға жеткізді.

Бұл жұмысты аяқтағаннан кейін біз Capstone жобасын игеріп жоғары білім алдық. Кейін тағыда бір мүмкүшілік пайда болды-Алматыда ТОО «ZerotoOneLabs» ұйымдастырған 10-күндік стартап-инкубатор. Мақсаты қатысушылармен мобильды қосымшаларды құрастыру және 50 мобильды қосымша жасау. Мен маркетолог болып қабылдандым.
Инкубатордың соңында 4 адам жасаған қосымша, жаңалық порталында жарық көрді. Сөйтіп «Жеті Ата» атты біздің мобильды қосымша в AppStore-та ең көп сұранысқа ие қосымша болды. Нені түсіндім? Ынтамен сүйсініп атқарған жұмыста әрқашан нәтиже бар.

1 айдан кейін мен PwC аудиторлық консалтингті фирмадан шақыру алып Астанаға келдім. PwC сату презентациясы бойынша маған көп тәжірибе берді, қаржы,нарықты зерттеуге мүмкүншілік берді. Excel-де практика алдым.Онлайн-білім и кәсіби менеджмент инженерлық мәселелерден қаржы саласына жақындауыма себеп болды. Мен интерннен кеңесшіге көтерілдім PwC мен үшін тұрақты, дұрыс жобаланған нәтижелі компания үлгісі болып қала берді.

«Мен өз орнымды таптым ба?» деген сұрақ туындады. Кейбір жағадйды өзгерту қажеттігін түсінім. Неге мен Big4 компаниясынан кеткім келді? Тәеукелге бара алмайтыным ба, жауапкершіліктің шектелуі ма. Бірақ менің PwC компаниясындағы 1 жылдық тәжірибем бар ғой.Тәртіп, еңбекқорлық, шешім қабылдау, қалайда мақсатқа жету емес, нәтиже беру. Мұның бәрі менде бар дүниелер.
Сонымен мен Қазақстандағы Aviata жылдық кірісі 40 миллион АҚШ доллар IT-компаниясында CBDO аспирантымын. «Электротехника и электроника» мамандығы бойынша диплом алған соң да мен көп нәрсені түсінбеймін. Жауабы бар: МаЮнь (Джек Ма) айтқан -20 жасыңнан бастап тәлімгердің соңынан ер. Тәлімгерліктіің маңызы зор.
Aviata – шағын компания: 70тен астам қызметкері бар, көшбасшылыққа бәсекелестік, жаңалық ортасы. Мен мұнда жұмыс істеймін: ішкі процестері жетілдіремін, бизнес-аналитикамен шұғылданамын, шаралар ұйымдастырамын, өнімдерді басқарумен шұғылданамын. Біз Scrum и Kanban сияқты икемді әдістемелермен жұмыс істейміз. Valley компаниясының стратегияларын жүзеге асырамыз.

«Қағаз самолеттер» деп аталатын менің жеке жедел хатыма қосылыңыз. Мен өз біліміммен, тәжірибеммен бөлісемін, кәсіпкерлік,өздігінен даму жайлы сіз үшін маңызды мағлұмат беремін. Менің сізге беретін13 кеңесім бар:

• Басқаны оқытып отырып өзің оқы,біліміңмен бөлісе отырып өзің біл.
• Жақсы әдеттеріңді жаман әдеттермен алмастырып отыр (Дағды күші , Чарльз Дюгиг)
• Өзіңізге сәйкес келмейтін жұмыс орнын тастаңыз.
• Сәтсіздікке шыда, болмай жатса төзе біл.
• Өзіңізден ақылдылау, батылдау адамдар ортасында бол.
• Көп оқыңыз, өте көп оқыңыз! (ген. директор жылына 60 кітап оқиды.)
• Мүмкүншілігіңізге қараңыз , жастығыңызды жақсылыққа ғана айырбастаңыз.
• Өзіңіздің кешегі күніңізбен бәсекеге түсіңіз.
• Дұрыс ынтымақ болу үшін басқа адамарды зерттеңіз
• Ынталандыратын нәрсе іздеу керек, өзіңізбен келісімде болыңыз.
• Өзңіздің кереқарыс кітапханаңызды жинаңыз (Қара Аққу, Нассиб Николас Талеб)
• Ойлаған нәрсеңізді айтыңыз. Өз пікіріңіз болсын.
• Таң шықпай ояныңыз.


Мадина Кабдуалиева

Мен Назарбаев Университетін в 2016 жылы Политология и Халықаралық қатынастар и Әлеуметтану саласының Бакалавры дрежесімен екінші мамандық ретінде аяқтадым.НУ-ң соңгы жылында Швейцарияның Женева қаласындағы халықаралық зерттеулер жоғарғы институтына (InstitutdeHautesétudesInternationalesetdudéveloppement) магистрлыққа өтініш бердім. 2018 ыжылғы класында Қазақстаннан жалғыз болдым және 1927 жылдан бері мұнда келген үшінші студент екенмін. Мен екі степендия алып отырдым. Екеуі де Швейцари мен Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өте алшақтығының және де менің акдемиялық үлгеріміммен тәжірибемнің нәтижесінде алынып отырды. Стипендия бір жылдың көлемінде ғана төленеді, сосын қайтадан өтініш жазу қажет.Бұл Институт әкімшілігінің біздің қандай да нәтижеге жеткенімізді қадағалап отыруының салдарынан болады.

СНУ және аспирантура жайлы: бұл магистратура және докторантура бағдарламасымен оқитын студенттерге білім беретін ғылыми-зерттеу институты.Жылына бір кафедраға 35 студент қабылдайды.Институт халықаралық қатынастар саласында әлемдегі ең мықты оқу оындарынң қатарында. Әлемге әйгілі тұлғалар бітірген, БҰҰ-мен тығыз қарым-қатынастағы институт жоғары деңгейдегі бәсекелестікке лайық. Кофи Аннан, Леонид Гурвич и Мохамед Эль Барадейи, тағыда басқа Нобель лауреаттары осы мекемені бітірген. Бағдарлама шеңберінде үш вариант бар: ғаламдық, аймақтық интеграция, халықаралық қақтығыстарды зерттеу және ғаламдық денсаулық пен қоршаған орта.Мен экономика, бизнес, қаржы, сауданы зетрттейтін бірінші вариантын таңдадым. Қосымша мен соңғы семестрға дейін диссертацианы аяқтап, француз тілін C1 деңгейінде игеріп шығуым керек.
Қазір мен тәжірибе алмастыру семестр шеңберінде Сеулдегі халықаралық қатынастар жоғарғы мектебінде оқып жүрмін. Оңтүстік Кореяға келгеніме көп достарым таңғалып қарады. Мен мұнда Шығыс Азия экономикасына арналған диссертация жазу үшін келдім. SNU Азияның аса ірі және әлемнің ең мықты 30 университетінің қатарына енетін оқу орны. Бұл оқу орындарында тапсырыстар құрылымында, сабақ беріс тәсідерінде Ну –дан айтарлықтай айырмашылықтар бар. Әр түрлі оқу жүйелерінде дәріс алғаныма қуаныштымын. Бұл нағыз профессионалдарға тән құбылыс.

Шет елдегі өмір жайлы: әрине Женева мен Сеулдегі өмірдің Астанадан айырмашылығы көп. Женева өте тыныш қала, мұнда 170 000 халық бар. БҰҰ қала өмірінің ұйтқысы, күнделікті әр елдерден келген дипломаттарды көруге болады. Менің институтым БҰҰ ғимаратына қарсы тұр. Басқа қалалардай Женева ешқашан ығы-жығы болып жатпайды, адамдар жұмыстарынан ерте қайтады, демалыс күні ешкім жүмыс істемейді. Сеул, керісінше өте динамикалық, қозғалысы көп қала, Нью-Йорк сияқты. Азиялықтарға тән бизнес мәдениетін,олардың жұмысқа көз қарасын өте ұнатамын.Екі қалада өте әдемі, осы қалаларда өзімді шыңдап, көп нәрсені үйренгеніме(испан, француз тілдері, спорт) қуаныштымын. Сізде мен сияқты болсаңыз, қай қаланы таңдасам екен деген ойда болсаңыз, мен осы екі қаланы ұсынар едім.

Жоспарлар туралы: не құрым көп оқып, не құрым әлемді аралаған сайын со құрлым жоспарларды азайтамын.. Жасым 21-де, барды қанағат қылатын адаммын. Диплом алған соң өз еліме оралу арманым. Қазақстан экономикасына, қоғамға өз үлесімді молымен қосқым келеді. Мен НУ- дың басқада әр жылғы түлектерімен бірігіп осы алған мол біліміммен нақты бір позитивті өзгерістер жасай алатыныма сенімдімін.

Студенттерге кеңес : ақыл беру қиын, себебі әр адам – қайталанбас тұлға, ол өз бойындағы қасиеттеріне жүгіне отырып шешімге келеді. Дегенмен де – ең алдымен мақсатыңды анықтап алған жон. Көп іздену керек. Әр түрлі класс,әр түрлі бағыттарды қарау керек, өзіңе не ұнайды, не ұнамайды- осының бәрін анықтап алған жөн.
Тілдерді білген дұрыс. Шет тілдер курсына жазыл. Екінші курстан кейін барлық семестрлардан соң стажировкаға бар. Кез келген компаниямен мемлекеттік емес ұйымдармен байланысқа шығып стажировка іздеңіз. Қазақстанда жоғарыдағы мемлекеттермен салыстырғанда бәсекелестік өте төмен,сондықтан кез келген жағадйды тиымды пайдаланыңыз. Ешқандай жұмыстан бас тартпаңыз. Қандай да жағадайға дайын болығыз. Сізге аса күрделі тапсырма беруі мүмкін, немесе құжатты безендір деуі де мүмкін. Нақты өз ісіңізді тапқанша бәрін де өтесіз. Келешекке керек деп университеттердің тізімін жасап қойыңыз. GRE, GMAT, LSAT, MCAT тестеріне дайындықты артқа қалдырмаңыз. Кейін қарбалас болмау үшін асықпай дайындалған дұрыс. Осы жұмыстардың арқасында сіз еңбек нарығына шығуға дайын боласыз. Өзіңді басқалармен салыстыра білу де керек нәрсе. Әрине мұның дұрыс та бұрыс та жағы бар. Дегенмен мақсатқа жететін өзіңіз. Сіз жеке дара тұлғасыз.

Мен студенттерге көмектесуге, олардың сұрақтарына жауап беруге дайынмын. Менімен байланысқа шығыңыз, қысылмаңыз. Сіз жассыз! Батыл болыңыз, осал жағыңызды білесіз, мықты жағыңызды дамытасыз.
Құрметпен, Мадина.