НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы және НУ Түлектер Ассоциациясы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы НУ Түлектерін қолдау үшін және олардың Университетпен байланыста болуы үшін құрылған. НУ Түлектері  қауымдастықтың мүшелері болады және көптеген жеңілдіктерге ие болады. Сонымен қатар, біз сізді Түлектер қауымдастығы іс-шараларына қатысуға, түлектердің елшісі, тәлімгер болуға,  тәжірибеңізбен бөлісуге және қоғамыңыздағы түлектердің басшыларын құруға шақырамыз.

Ең бастысы, біз Сізбен байланыста болуға және НУ құндылықтары мен дәстүрлерін бөлісуге шақырамыз.

«NU Alumni» қоғамдық бірлестігі

Назарбаев Университетінің Бес жылдық бітіру мерейтойы қарсаңында Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы Сіздерге «NU Alumni» Қоғамдық Бірлестігін тіркеу туралы хабарлауға қуанышты.

2015 жылы алғаш рет Назарбаев Университетінің түлектері Университеттің және Қазақстан Республикасының дамуына түлектердің шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін біріктіру миссиясын орындау мақсатында алғашқы Түлектер Ассоциациясын құрды.

Бүгінгі күнге дейін Түлектер қауымдастығы Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының қолдауымен түлектердің Университеттің байланыстарын нығайтуға және студенттердің кәсіби өсуіне және дамуына үлес қосқан. 2016 жылдан бастап 8 филиал тіркелді (АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Корея Республикасы, Германия, Қытай, Алматы және Атырау), 28 елші НУ-ті қолдауға және алға жылжытуға келісті (22 шет елде, 6 Қазақстанда) және екі түлек кездесулері (2016, 2017) өткізілді.

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің қауымдастығы Бірлестіктің ресми тіркелуіне және жаңа құқықтық мәртебеге ие болуына куә болып.отыр.

Түлектердің бастамашыл тобына, «Әлеуметтік даму қоры» Корпоративтік қорына, НУ Заң департаментіне, НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығына және «University Service Management» жеке мекемесіне «NU Alumni» Қоғамдық Бірлестікті қалыптастыруда атқарылған жұмыс және көмек үшін алғысымызды білдіреміз.

Біз «NU Alumni» Қоғамдық Бірлестіктің жаңа мәртебедегі жетістіктеріне, гүлденуіне және жемісті жұмысына тілектеспіз!

 

2021 © Nazarbayev University